Бүркіт – қазақтың жеті қазынасының бірі

Бүркіт – қазақтың жеті қазынасының бірі, Орталық Азия аймағының жауһары саналады. Ұлы даланың көшпенді халқы жыртқыш құсты ерте бастан қолға үйретіп саятшылық құрды.

Құсбегілік – атадан балаға мирас болып қалған текті өнер. Әсіресе, Орталық Азия аймағының мәдени мұрасының ажырамас бөлігіне айналды.

Ең бастысы құсбегі мен бүркіттің арасында түсіністіктің пайда болуы. Сонда ғана жұптың аңшылығы сәтті болады. Бүгінде төл өнерді жаңғырту үшін бүркітті шырғаға салудан Азия чемпионаттары ұйымдастырылады.   

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: domikru.net