Қырғызстан Жапонияға киіз бұйымдарын экспорттайды

Қырғызстан Жапония еліне киізден басылған ойыншықтар экспорттайды. Елде киізден жасалған бұйымдар шығаратын цех ашылды. Өндіріс орнында табиғи материалдан ойыншықтар, қолдорба, шәрке  мен мойынорағыштар тігіледі.

Күніне әр шебер 10 ойыншық пен 5 жұп шәрке жасап шығарады. Өнімнің көп бөлігі сырт елдерге экспортталады. Қалғаны Ош пен Бішкек және Ыстықкөл ауданында өткізіледі.

САБИРА ИСКАКОВА, ЦЕХ ЖҰМЫСШЫСЫ:

- Ойыншықтарды 6 жыл бойы жасап келемін. Бұрындары ауыл әйелдері сынды үйде тігетінмін.

Қырғызстанның киіз өнімдері XIX ғасырдың өзінде үлкен сұранысқа ие болғанын айта кету керек.

Кезінде Ресей мен өзге мемлекеттердің көпестері мұнда келіп, табиғи жүннен жасалған тауарлар алатын. Шеберлер төл өнімге деген әлем қызығушылығын жаңғыртуды місе тұтады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: 53news.ru