Қырғызстан: Экологиялық көліктерді дамыту

Еуропалық қайта құру және даму банкі Бішкекте экологиялық автобустарды сатып алу жобасын қаржыландырады.

Биыл Қырғызстанның бас шаһары мен кәрі құрлықтың қаржы институты ел астанасын жасыл қалаларды дамыту бағдарламасына енгізу туралы келімге тұрды.

Бүгінде Бішкектің көшелерінде газ құрылғыларымен жабдықталған 100-ге тарта қоғамдық көлік нысаны қатынап жүр.

Келер жылы тағы жолаушыларды тасымалдауға бағытталған бірнеше экологиялық  көлік сатып алу жоспарланып отыр.

Мамандардың айтуынша, бұл игі шаралар қоршаған ортаға зиянды заттардың бөлінуін төмендетеді. Бұған қоса жергілікті азаматтар қаланың экологиялық тазалығын сақтау үшін велосипед пен электрсамокатқа мінуді жақсы әдетке айналдырып келеді.

ГУЛЯ АЛМАМБЕТОВА, БІШКЕК ҚАЛАСЫ МЭРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

 - Бұл – ең алдымен еркіндік. Ешкімге де тәуелді болмайсың. Бұл өте жылдам көлік түрлері саналады. Жұмысқа лезде жеткізеді. Ең бастысы -тұрғындар шаһардың әсем көріністеріне қанығып, тамашалай алады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: ca-irnews.com