Тәжікстанда құрма жинау маусымы басталды

Тәжікстанда құрма жинау маусымы басталды. Экологиялық таза өнім тек елде ғана емес, шет мемлекеттерде де сұранысқа ие. Негізінен жеміс Ресей, Қазақстан және Қырғызстан мемлекеттеріне экспортталады.

Оның әрбір сұрпының дәмі, түсі және пішіні басқа болады. Ең кеңінен тарағаны – шохона-корольдік. Ол құрманың басқа түрлеріне қарағанда тез піседі. Дәмі тіл үйірер жемістің құрамында денсаулыққа пайдалы маңызды микроэлементтер көп, дейді мамандар. Оны медицинада, косметологияда кеңінен қолданады, себебі оның құрамындағы бета-каротин терінің жасаруына әсер етеді.

ШАРИФБЕК МИРЗОЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ СЫНАҚ ШАРАУАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Бұл жемістің әрбір сұрпының пайдалы қасиеттері бар. Құрманың құрамында шаршағанды басып, депрессиямен күресетін С дәрумені бар. Осы дәрумен тері мен шашты қалпына келтіруге де көмектеседі. Сондай-ақ жемістің құрамында жүректің жұмысына пайдалы магний, калий, йод және темір бар.

Фото: sputniknews.ru