Тәжікстанда «Мызғымас бауырластық-2019» атты әскери оқыту жиыны өтті

Тәжікстанда ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарт ұйымына мүше елдердің «Мызғымас бауырластық-2019» атты әскери оқыту жиыны өтті.

Онда 3,5 мың адам бас қосып, 600-ге тарта техника жұмылдырылды. Жаттығу жоспарына сай ұйымдасқан қылмыстық топ шекараны заңсыз кесіп, тәжікстандық әскерилермен қарулы қақтығысқа түсті.

Ресейдің 201-ші әскери базасының жауынгерлері мен Тәжікстаннның десанттық-шабуылдау ротасы қылмыскерлерді дер кезінде тоқтатты. Әскерилер тек жаттығудың алғашқы кезеңінде 120 оқ ату операциясын сәтті орындап, қарсыластың нысандарын жойып үлгерді.  

АНАТОЛИЙ СИДОРОВ, ГЕНЕРАЛ ПОЛКОВНИК,ҰҚШҰ БІРЛЕСКЕН ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Орталық Азия аймағының бірлескен қарулы күштерінің жасағы өңірге сырттан төнген кез келген қауіп-қатерді дереу шешуге арналған. Бұл – жалпы Орталық Азия мемлекеттерінің және ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрылған әскери топ. Бірлескен іс-қимылдарын ұдайы жаттықтырып, қатаң бақылауда ұстау керек.

АЛЕКСАНДР ЛАПИН, РФ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ОРТАЛЫҚ ӘСКЕРИ ОКРУГІНІҢ БАСШЫСЫ,  ГЕНЕРАЛ ПОЛКОВНИК:

 - Бірінші кезеңде бізге бірлескен іс-әрекетті талап ететін тапсырмаларды орындау қажет болды. Белгілі уақытта 7 бірдей тапсырманы бірінен соң бірін орындау керек. Бұл – өте маңызды. Бұған қоса бірыңғай басқару жүйесін іске қостық. Бізде тілдік кедергі жоқ, сондықтан бұл тапсырманы да мүлтіксіз атқарып шықтық.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: mod.gov.kz