Бішкекте Шыңғыс Айтматовтың «Ана – Жер Ана» атты повесі жаңа қырынан сахналанды

Сөз орнына іс-қимыл, сөйлем орнына би, диалог орнына – ымдар. Қырғызстандық көрермен Шыңғыс Айтматовтың «Ана–Жер ана» атты шығармасын жаңа қырынан тамашалады.

Графикалық сюита Бішкек орыс драма театрында көпшілік назарына ұсынылды. Төрткүл дүниеге танымал жазушының терең мағыналы туындысы дене іс-қимылының және заманауи бейнерәсімдеудің көмегімен жеткізіледі. Көрерменді баурап алу мақсатында қойылым залға шығарылды. Кейбір билер қатарлардың арасында орындалды, бұл олардың мағынасын жеткізуді жеңілдетеді.

БОЛОТ ТЕНТИМЫШЕВ, АКТЁР:

 - Біз осының барлығын музыкамен және пластикамен жеткізуге тырысамыз. Бұл би болмаса да, ол арқылы шығармада сипатталған нәрсенің бәрі бар. Ең бастысы, қоюшылар осы біздің сахна үшін жаңалық болып табылатын әдіс-тәсілдердің көмегімен туындының эстетикалық және моральдық тазалығын тұтастай сақтай алды.

Бұл – махаббат пен рухани жақындастық туралы әңгіме. Бұл жаңа өмірдің қалыптасуы, повесть кейіпкерлері иық тіресе әрекет етіп, алаңдаушылықты жойып, үміт отын жағады, қуануға тырысады. Бірер уақыттан кейін бейнелердің ассоциациясын табуға болады. Спектакль жалғасқан сайын әрбір кейіпкердің бейнесі ашылып, көрерменге түсінікті бола бастайды.  

ЕВГЕНИЙ РОМАНОВ, АКТЁР:

-  Бұл – дененің иілгіштігіне қарай қойылған спектакль. Мысалы, мен үшін бұл қиын болды. Мен Хореография мен драма өнеріне әуес емеспін. Бұл басқаларын таңғалдыруы мүмкін. Сондықтан қойылымның мән-мағынасын іс-қимылмен жеткізу керек. Сөзсіз, ымдап қана, көзқарасыңмен, иілгіштігіңмен. Тек солай ғана сөйлейсің. Драма театрының басқа қойылымдарынан бұл туынды осы жағымен ерекшеленеді.

Спектакльге артистер әуесқой бишілер қатысқан. Айта кетейік, спектакль өзінің бірегейлігінің арқасында беделді театр фестивальдерінде бірнеше марапатқа ие болды.

Фото: rusteatr.kg