Қырғызстанда грек жаңғағын жинау аяқталды

Қырғызстанда грек жаңғағын жинау аяқталды. Бүгінде көрші мемлекет Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне осы өнімді ірі экспорттаушылардың бірі болып табылады. Соңғы жылдары жеткізілімдер көлемі мен географиясы айтарлықтай ұлғайды. Сәйкесінше, кіріс те 2-ден 7 млн долларға дейін артты. 20 тонна өнім тиелген мына жүк көлігі Түркияға жол тартады. Бұл елде де Қырғызстанда өсірілген жаңғақтарға сұраныс жоғары.

МАМАТ ТУРКМЕН, ТҮРКИЯЛЫҚ САТЫП АЛУШЫ:

-  ТМД-да грек жаңғағын өсіретін көптеген компаниялармен жұмыс істейміз. Бірақ қырғызстандық өнім көбірек ұнайды. Бұл жаңғақтардың майлылығы жоғары, 70%-ға дейін. Өйткені көп жыл тұрған ағаштың жемісі дәмді болады. Ал Қырғызстандағы ағаштар жүз жылдан бері тұр.

Грек жаңғағының екі түрі сатылады: тұтас және тазартылған. Соңғысы үш есе қымбат тұрады. Оларды негізінен ірі фирмалар сатып алады. Сондай-ақ буып-түйілген өнім экспортқа шығарылады. Алдымен жаңғақтың екі түрі мынадай арнайы көтерме нарықтарға жеткізіледі. Олар плантациларға жақын жерде орналасады. Бұл шаруаларға өнімді тікелей сатуға мүмкіндік береді.

АЛХАБАР ЭРКИНБАЕВА, САУДАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

 - Мен жаңғақ жинаумен айналысатын таныстарымды осында шақырдым, оларға осы жерді көрсеттім. Содан кейін ірі сатып алушыларды іздедім, оларды Түркиядан тауып, осында әкелдім, осы жерді көрсеттім. Бірте-бірте адамдар осы жерге үйреніп кетті. Енді оны барлығы таниды.

Ауылшаруашылық өнім санаулы сағаттарда-ақ сатылып кетеді. Қырғызстанның ағзаға пайдалы, экологиялық таза грек жаңғақтарына сұраныс әрқашан да жоғары.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: orehovod.com