Қырғызстан ет экспортының көлемін ұлғайтуда

Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одақ және Кувейт еліне ет экспортының көлемін артртыра түсті.

Сонымен ағымдағы жылдың 9 айында республика шетел нарықтарына 700 тоннадан астам өнім жеткізді, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 2 есеге көп. Ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекция жоғары көрсеткіштерге елдің ветеринариялық бақылау жүйесін одақтан өзге мемлекеттердің жүйелерімен баламалы деп тану және ірі қара мал етін экспорттауға уақытша шектеулерді алып тастау арқасында қол жеткізілгенін айтады. Сондай-ақ ветеринарлық анықтамаларды алу цифрландырылған, бұл кедендік бақылаудан кедергісіз өтуге мүмкіндік береді.

ҚАЛЫСБЕК ЖҰМАҚАНОВ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ ФИТОСАНИТАРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКЦИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

-  Өнім тиеліп жатқан кезде, ақпарат тауарды импорттаушы Ресей мен Қазақстанға дейін жетіп үлгереді. Сол жақта кәсіпкер алынған заты туралы толық ақпаратты ала алады. Сонымен қатар өндірілген ел туралы ақпарат жазатын, маркалайтын, калибрлейтін арнайы машина бар. Барлығы бір ғана парақта жазылады.

Тек бір мал соятын орын шетелдік тапсырыс берушілердің қажеттіліктеріне байланысты күніне бір тоннадан екі тоннаға дейін ет экспорттайды. Жіберу үшін өнімнің белгілі бір мөлшерін ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекцияның орталық зертханасына тапсыру қажет, онда етте зиянды заттар мен аурулардың бар-жоғы мұқият тексеріледі.

ТААЛАЙ ЖУМАТАЕВ, МАЛ СОЯТЫН ПУНКТІНІҢ ӨКІЛІ:

-  Олар біздің етімізді тексереді, егер ет стандарттарға сәйкес келсе, біз өнімді экспортқа жібере береміз. Ал егер кейбір кедергілер анықталған жағдайда, бұл партия толық жарамсыз деп табылады.

Бүгінде республиканың көптеген тармақтары «Исо» сапа жүйесінің сәйкестік сертификатын алды. Ол құжат бүкіл әлем бойынша ет өнімдерін экспорттауға мүмкіндік береді.

Фото: meatinfo.ru