Өзбекстанға келетін шетелдік туристер саны артты

Жыл сайын Өзбекстанға келетін шетелдік туристердің қатары артып келеді. Сырттан ағылған саяхатшылар тарихи-мәдени сәулет нысандары мен көрікті жерлерді көруге асық. Сондай-ақ  шетелдің азаматтарын көне мекендермен қатар, әсем табиғат және визасыз режим қызықтырады.

МЕХРИДДИН ХАЙРЕДДИНОВ, РЕСЕЙДЕГІ ӨЗБЕКСТАН ЕЛШІЛІГІНІҢ  БАС КОНСУЛЫ:

 - Бізде 17 мемлекетпен визасыз режим енгізілген. Елімізді өз көзімен тамашалағысы келетін кез келген әлем азаматы онлайн жүйесінде өтініш жасап, электронды түрде виза ала алады.

Туристер ең жиі баратын Өзбекстан қалаларының бірі – Самарқан. Мұнда әлемнің әр түкпірінен келіп жатады. Жылда Гур-Әмір кесенесіне мыңдаған саяхатшы қажылық жасайды. Қасиетті мекенде атақты Әмір Темір мен оның немересі Ұлықбек жерленген. Ал оның маңында Бибі Ханымның мешіті орын тепкен.           

МИРИАМ, ТУРИСТ /АҚШ/:

 - Менің бұл қасиетті мекенге аяқ басқаныма бір-ақ сағат болды. Алған әсерім керемет. Әсіресе, Алтын мешіт ұнады.  

Сондай-ақ Самарқан ұлттық ән мен саз қорының әлемдік орталығы саналады. Дәстүрлі «Шығыс әуендері» фестивалі жүздеген ел өнерпаздарының басын қосады.                  

Сондай-ақ туристер ұлттық тағамдардың түр-түрінен дәм татады. Олардың бірі көпке танымал – палау тағамы. Сала сарапшыларының пікірінше, Өзбекстан ТМД мемлекеттерінің ішінде гастрономиялық туризм үшін аса қолайлы елдердің  үздік бестігіне кіреді.

Бұл орайда Самарқан әлемдегі ең көне қалалардың бірі екенін айта кеткен жөн. Шаһар 2 мың жылдан астам уақыт бойы аспан асты елі мен Еуропаны байланыстырған Ұлы Жібек жолының маңызды тармақтарының бірі болды.  

Фото: fergana.agency