Бішкекте cуретші Суйменкул Чокморовтың мерейтойына арналған көрме ашылды

«Эсимде». Дәл осындай атаумен Бішкекте КСРО Халық әртісі, cуретші Суйменкул Чокморовтың мерейтойына арналған көрме ашылды. Суретшінің көзі тірі болғанда туғанына 80 жыл толар еді. Сондай-ақ аталмыш экспозиция Чокморовтың жұбайы, Қырғызстан мәдениетінің еңбек сіңірген қызметкері, өнер зерттеушісі Сәлима Шабазованы да еске алуға арналған. Көрмені ұйымдастыруға қылұқалам шеберлерінің ұлы ұйытқы болған.

БАКТЫГУЛ ЧОКМОРОВ, С.ЧОКМОРОВТЫҢ ҰЛЫ:

 - 89 жылдан бастап, әрбір 10 жыл сайын біз көрме өткіземіз. Халқымыз, өскелең ұрпақ Сүйменкул Чокморовтыңы шығармашылығын жоғары бағалаушы ел оның шығармашылығын ұмыт қалдырмай, жасған ісі туралы көбірек білгенін қалаймын.

Көрмеге суретшінің жүзден астам жұмыстары қойылған. Бұл жерде Суйменкул Чокморовтың алғашқы картиналарын да, кейін жазылған шығармаларын да көруге болады. Сонымен қатар, экспозиция отбасылық мұрағаттан алынған бірегей фотосуреттерді да қамтиды.

ГЕННАДИЙ БАЗАРОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРІ: 

Мен онымен жеке таныс болғаныма, онымен сөйлесе алғаныма, оны өз көзіммен көргеніме қуанамын. Ол менің жадымда сондай қарапайым, керек кезде қасыңнан табылатын адам, талантты әрі мықты суретші болып қалды.

 

БОЛОТ ШАМШИЕВ, КИНОРЕЖИССЕР, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ:

 - Қырғыз халқында үлкен мереке. Тамаша әртіс, суретші  Суйменкул Чокморовтың 80 жылдығы. Біздің маңдайымызға осындай тұлғаның жазылғанын мақтан тұтамын.  Бірақ менің ойымша, ол бұл дүниеден озған жоқ, ол мәңгі өмір сүреді. Себебі көптеген жастар Суйменкул Чокморовтың ісін жалғастыруға лайықты. Сондықтан біз оның есімі мәңгі жадымызда қалатындай жағдай жасауға тырысатын боламыз.

Бішкекте көрме 10 қарашаға дейін жалғасады. Кейін ұйымдастырушылар Қырғызстанның бірнеше қалаларын аралап, суретшінің шығармашылығын бағалаушы әрбір жанға, оның туындыларымен жеке танысуға мүмкіндік бермек.

Фото: sputnik.kg