Тәжікстанда қолөнер көрмесі өтті

Тәжікстанда қолөнер көрмесі өтті. Тәжірибелі шеберлер ұлттық киімнен бастап кілемдерге дейін түрлі бұйымдарды ұсынды. Барлығы, әрине, дәстүрлі ою-өрнекпен безендірілген. Бұл – тәжіктердің ұлттық кесте стилі. 2018 жылы ол ЮНЕСКО-ның мәдени материалдық емес мұрасының тізіміне енгізілген болатын. Тәжікстанда бұған дейін де халықтық-қолданбалы стильде жасалған бұйымдарға үлкен сұраныс болғанымен, қазіргі таңда бұл стильге ерекше көңіл бөлінуде. Осы ретте айта кетерлігі, 2019 жыл Тәжікістанда ауыл, туризм және халық қолөнерінің даму жылы болып жарияланған еді. Оның аясында республиканың әрбір ауданында ондаған қолөнер мектептері мен кәсіпорындары ашылды. Аталмыш іске қызығушылық танытқандар қолөнердің бірден 85 түрлі бағыттағы ескі ерекшеліктерін игерді.

Фото: ryazan.bezformata.com