Орталық Азия халықтарының жыраулық өнері

Көшпенді халықтардың дала әуендерінің атасы – жыраулық өнер. Бұл көне музыкалық-фольклорлы ағынның негізгі ерекшелігі – поэзия, музыка және орындаушылық шеберліктің бірлігінде. Басты дәстүрлі жанрлары – көлемді жыр, толғау және терме.

Сондай-ақ ол көне, қаһармандық, романдық, дастандық, тарихи деп жіктеледі.

Оғыз заманында бой көрсеткен ұзандық өнердің кейін жыраулық дәстүрге ұласқаны анық. Қазақ даласында Тоныкөк Қорқыттан бастау алатын бұл арна сөз зергерлері Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа сынды жыраулардың шығармашылығына арқау болды. Жалпы жыраулық дәстүр Орталық Азия аймағында ХV-ХVІІІ ғасырларда ерекше дамыған, деп хабарлайды Kakazah TV арнасының тілшісі.

АЛМАС АЛМАТОВ, ЖЫРАУ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

 - Бұл өнер түрі Орта Азия халықтарында Түркі заманында «ұзан», «ұзандар» деп аталды. Одан бергі жерде қазақ даласында жыраулық өнер  дамыды. Ал енді Азиядағы Бахшылардың, Әзербайжандағы ашуктердің, Түркиядағы ұзандардың түп-тамырының барлығы тарихи кезеңдерімізден бастау алады. Сондықтан қазақ айтады: «саусақтың басы бөлек болғанмен – білегі бір» дейді. Бүтіндей түркі халықтарының туыстық бауырластығы, мәдениеті мен музыкалық өнерінде табиғи-тарихи тереңдігінде жатыр. Сондықтан – өнер достықтың, бауырластықтың тал бесігі.

Авторs: Жеңіс Ермұқанов

Фото: adebiportal.kz