Бішкекте электр байланысы одағының халықаралық форумы өтті

Жаңа технологиялардың дамуы өмірді қаншалықты өзгертеді? Бұл жөнінде Қырғыз елінің астанасында өткен электр байланысы одағының халықаралық форумында талқыланды. Осы орайда Бішкекте Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Украина, Пәкістан мен Грузия сарапшылары жиналды.

ДАСТАН ДОГОЕВ, ҚР АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН БАЙЛАНЫС  МЕМЛЕКЕТТІК КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Қызығушылық танытқан тараптар бұл әкімшілік байланыс пен тиісті өкілетті мемлекеттік органдар, бизнес қауымдастық, операторлар және сарапшылар. Мамандар аталмыш салада жаңа технологияларды ендіру бойынша сұрақтарды талқыға салды. Аймақтық деңгейде өткен бұл форумның қорытындысы бойынша, байланыс саласын дамытудың әлеуетіне қатысты тиімді шешімдер шығарылатын болады.

Форум аясында интерактивті сессиялар, пленарлық отырыстар мен дөнгелек үстелдер өтті. Қатысушылар денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, сандық басқару сынды салаларда бірыңғай экономикалық кеңістіктегі елдер арасында әріптестік орнатып, ресурс біріктіру бойынша сұрақтарды қарастырды.

КИРИЛЛ ОПАРИН, СЭМ АЙМАҚТЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

 - Біз жұмылып, жалпыға ортақ цифрландыру саясатына келуіміз керек. Мәселен, Қырғызстан Республикасының азаматтарына денсаулық сақтау сынды түрлі мемлекеттік ұйымдардың сервистермен үйлерінен шықпай-ақ пайдалану тиімді болу үшін жұмыс жасауымыз қажет. 

Форумның қорытындысы бойынша, қатысушылар елдердің алдағы жылдары өзара байланысын арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар жасалды.

Фото: magazin-simvoliki.ru