Қытай мен Орталық Азия қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтығын нығайтуда

Қытай Орталық Азия елдерімен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығын нығайтуда. Мұндай әріптестіктің маңызды элементтерінің бірі ҚХР бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу деп санайды. Қытай полициясы мен Қырғызстан Ұлттық Гвардиясы екі мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыра отырып, терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығулар өткізуде. Мұндай жаттығулар қауіпсіздік саласындағы өзара іс-әрекетті нығайтуға, Қарулы Күштердің жауынгерлік қабілетін арттыруға және мемлекетаралық қатынастардың мазмұнын байытуға бағытталған, - деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі.

ЮСУП АБДРАХМАНОВ, ҚЫРҒЫЗСТАН ҰЛТТЫҚ ГВАРДИЯСЫ АРНАЙЫ ЖАСАҒЫНЫҢ БАТАЛЬОН КОМАНДИРІ:

 - Қытай-Қырғыз оқу-жаттығулары терроризмге қарсы іс-қимылда екі елдің әскерилері арасында үйлестіруді нығайту үшін жақсы мүмкіндік. Бізге жауынгерлік іс-қимыл жүргізу тактикасына қатысты мәселелерде тәжірибесінің пайдасы тиері сөзсіз.

ХЭ ЛИФЭН, СУАР ХАЛЫҚ ҚАРУЛЫ ПОЛИЦИЯСЫ БАС БӨЛІМШЕСІНІҢ СОҚҚЫ ТОБЫНЫҢ КОМАНДИРІ:

 - Біз қырғыз әріптестерімізбен терроризммен күресуге дайындық пен жедел басқару дағдыларын жетілдіру мақсатында іс-қимылдарды пысықтағымыз келеді.

Сондай-ақ Қытай Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономиялық облысындағы әріптестерімен әскери оқу-жаттығуларын өткізуде. Бірлескен жаттығуларға Қытай Халық-азаттық армиясының бір ротасы және Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің мобильдік әскерлер батальоны қатысуда. Барлығы 1200-ге жуық әскери қызметші, оның 580-і ҚХР-нан. Екі елдің әскери қызметшілері атыс дайындығының дағдыларын, сондай-ақ терроризмге қарсы бірлескен, барлау және іздестіру-құтқару операцияларына баса назар аударуда.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: berlek-nkp.com