Сиань мен Бішкекті теміржол жүк тасымалының жаңа бағыты байланыстыруда

Орталық Азия елдері мен Қытай тауарайналымы көлемін арттыруда. Оған аймақтың транзиттік әлеуеті де қатысты. Сарапшылардың пікірінше, контейнерлік тасымалдар ҚХР-ның батыс өңірлері мен Орталық Азия республикаларының арасындағы экономикалық өзара іс-қимылды айтарлықтай арттыруға көмектеседі.

Жақында Аспан асты елі Сиань-Бішкек теміржол бағытын іске қосты. Ол жүктерді жеткізудің орташа мерзімін 10-нан 7 күнге дейін азайтуға мүмкіндік береді. Осы уақыт ішінде пойыздар 4 мың шақырымға жуық жолды жүріп өтеді. Қырғызстан астанасына киімнен машина жабдықтарына дейін өнеркәсіптік және тұтыну тауарларының түр-түрін жеткізеді. Маршрут стандартты контейнерді тасымалдау құнын 700 доллардан астам төмендетуге мүмкіндік береді. Айта кету керек, маусым айында Сиань әкімшілігі мен «Бішкек» еркін экономикалық аймағы Қытай мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымын арттыру мүмкіндігін пысықтауға келіскен болатын. Сондай-ақ жаңа теміржол арқылы Орталық Азияға ҚХР-ның басқа өңірлерінен тауарлар жеткізу жоспарланып отыр.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: enica-exp.com