«Орталық Азия таланттарды іздейді» жобасы басталды

«Central Asia`s got talent». Бұл – «Хабар» Агенттігінің жаңа жобасы. Орталық Азияның қалаларында қатысушыларды іріктеу шаралары өтті. Жобаға айрықша қабілеттері бар дарын иелері қатыса алады. Дарындылар додасында қазақстандықтар да өз өнерлерін ортаға салмақ.

АЛЕКСАНДР ШУМАКОВ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:

 - Мен «Central Asia`s got talent» жобасына нағыз сиқырдың не екенін көрсету үшін келдім.

«Орталық Азия таланттарды іздейді» жобасы – танымал британдық шоудың форматы. Жыл сайын 70-тен аса мемлекетте дәстүрлі өтіп тұрады. Тіпті Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. Өз кезегінде, ортаазиялық нұсқасына Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғыз елінің таланттары қатыспақ. 

НҰРЖАН ЖҰМАШЕВ, «CENTRAL ASIA`S GOT TALENT» ЖОБАСЫНЫҢ ПРОДЮСЕРІ:

 - Биыл байқауға қатысуға 1,5 мыңнан аса адамнан өтініш келіп түсті. Іріктей отырып, ең мықты деген 4 қатысушыны таңдап алмақпыз. Және де Орталық Азия бойынша бас жеңімпаз болады.

Талай елдің көрермендерін тамсандырған жобаның соңғы сайысы 22 желтоқсанда өтеді. Ол «Хабар» арнасының тікелей эфирінде және Орталық Азия елдеріне де көрсетіледі.

Фото: khabar.kz