Орталық Азияның жойылып бара жатқан сирек құстарын сақтау

Орталық Азияның жойылып бара жатқан сирек құстарын сақтау

Орталық Азияның жойылып баратын сирек құстарының түрлерін сақтау. Бұл – бүгінде әлемнің жетекші ғалымдарын толғандыратын мәселе. Америкалық биолог және орнитолог Тодд Кацнер аймақтың жабайы құстарын зерттеумен айналысады. Ғалым жоба аясында Қазақстандағы «Наурызым» мемлекеттік табиғи қорығында болып, королдік және дала қырандарын, ақ құйрықты су бүркітін зерттеген. Шетелдік маман өз ісінде экологиялық саладағы заманауи технологияларға сүйенеді.  Ғалым құстардың барлық түрлеріне мониторинг жасауға жарайтын арнайы жүйе құрастыруға ат салысқан. Орнитологтың айтуынша, бұл технология Орталық Азия аймағында құстарға экологиялық зерттеу жүргізу үшін қажет.

ТОДД КАЦНЕР, БИОЛОГ, ЖАБАЙЫ ТАБИҒАТТЫ ЗЕРТТЕУШІ /АҚШ/:

 - Шын мәнінде бүркіттерді аулап, қолға түсіру өте қиын. Ол үшін кемінде 10 күніңді сарп етесің. Егер мен қыран құстың популяциясын зерттейтін болсам, оған ұзақ уақытым кетеді. Бұл – өте күрделі жұмыс. Ал жаңа мониторинг әдісі бұл істі әлдеқайда жеңілдете түседі. Біз бұл технологияны Қазақстанда зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген кезде ойлап таптық. Ол қанаттың генетикалық сараптамасын жасауға бейімделген. Біз бар болғаны бір аптаның ішінде 50-60 бүркіт ұясынан бізге қажетті зерттеу материалдарын жинай аламыз. Бұл қарапайым әдіс болғанымен нәтижесі өте жақсы. 

Фото: Stan.kz