Орталық Азияда аңшылық туризмін дамыту

Орталық Азия елдерінде  аңшылық туризмін дамыту. Бұл орайда осы аймақтың жауһары саналатын тауешкілерге саятшылық құруға ден қойылған. Мақсат үйірдегі репродуктивсіз кәрі қошқарлар мен аурушандарын аулау арқылы тұқым санын көбейту. Табиғат сақшыларының айтуынша, тұқым таратуға жарамсыз жабайы  жануарға берілген лицензия құнының негізгі бөлігі ғылымға бөлініп, қалғаны бюджетке түседі. Нәтижесінде тау текелерінің генетикасы, ауру түрлері мен таралу ареалы толықтай зерттеліп, қоректенетін жем-шөп базасы жөнге келтіріледі. АҚШ, Канада, Мексика, Африка, Иран елдерінде сәтті жүзеге асқан аталмыш жоба енді Орталық Азия аймағында кеңінен ендіріліп жатыр. Мәселен Қырғызстан мен Тәжікстанда 10 жыл бұрын қолға алынған игі істің арқасында тау ешкілерінің саны 2 есеге өскен. Қазақстанда осы жолға көшпекші. Бүгінде елімізде 17 мыңға тарта арқар бар. Бұл популяцияның көп тұқымдасы тек біздің жерде кезігеді. Сондықтан жергілікті мамандар бұл жоба шетел аңшыларының қызығушылығын оятатынына сенімді.  

БАТЫР СЕЙКЕНОВ, ҰЛТТЫҚ ТУРИЗМ КОМПАНИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

 - Жабайы қойларды зерттеу керек. Мониторинг жасау үшін арнайы қарғыбаулар алынады. Генетикасын саралау қажет. Ол үшін денесін алу керек. Шетелдік туристерге жабайы жануардың мүйізі ғана керек. Ал қалған денесін біз алып, тексереміз. Бұл шаруа дамыған елдерде бұрыннан бері қолға алынған. Ол тәжірибені өзімізде ендірсек дейміз. Осының арқасында келешекте біздегі арқарлардың қатары жай ғана көбеймей еселенуі тиіс. 

КУРТ АЛЬТ ЖАБАЙЫ ҚОЙЛАР ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ /АҚШ/:

 - Алдыңғы тәжірибелердің нәтижелері көрсетіп отырғандай жобаның тиімді әсері болады. Сиреп қалған популяциясы артып, мекендейтін арелдың аумағы кеңейеді. Арқарлар жойылып кеткен жерлеріне оралады. Тау ешкілерінің өсуі аймақтағы қар барысының санын көбейтугеде ықпалын жасайды. Себебі арқар ілбістердің басты азығы болып саналады.  

Фото: inbusiness.kz