Өзбекстандағы қазақ газеті елорда күніне бір бетін арнады

Өзбекстанда қазақ тілінде жарық көретін «Нұрлы жол» газеті тұтастай бір бетін Қазақстанның астанасына арнады. Онда Елорда күніне орай шаһардың бүгінгі келбеті мен экономикасы және екі елдің достығы жайлы мақалалар жарияланды. Еліміздің бас қаласының арқа төсіне көшуі мен ЭКСПО көрмесінің өтуі ата жұртты күллі әлемге танытты, деп жазады көрші елдің тілшілері. Бүгінде 33 миллионға жуық оқырманы бар «Нұрлы жол» газеті елдегі саяси реформадан бастап, әлеуметтің әлеуетін арттыруға арналған бағдарламаларды толық қамтып келеді. Қос елдің бірлігін бекемдеуге көбірек қалам тербеп жүрген қазақ тілді журналистер Өзбекстанда тұрып жатса да, өз жұртының салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпын ұмыт қалдырған емес.

РАЙХАН БАБАТАЕВА, «НҰРЛЫ ЖОЛ» ГАЗЕТІ БАС РЕДАКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Газетіміз төрт бет болса, соның төртінші беті әдебиет пен мәдениетке арналған. Ол жерде қазақтың салт- дәстүрлері, екі елдің Қазақстан мен Өзбекстанның белгілі ақын жазушыларының шығармалары беріледі. Осы жылдан бастап «Өзбекстандағы Қазақстан жылына орай» жыл басынан бері тұрақты түрде Қазақстан жазушыларының ән жинақтары, жыр шашулары беріледі.

ҒҰЛАМЗӘКІР ЮСУПОВ, «НҰРЛЫ ЖОЛ» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ:

 - Қазақстан жылына орай биыл көп материалдар беріп жатырмыз. Соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласының күніне арналған материалдарды бір бетіне арнамақшымыз. Құдай қаласа, екі елдің ынтымақтастығына өз үлесімізді қосамыз, деп ойлаймын.

Фото: Хабар 24