Тәжікстан бал экспортын дамытуда

Тәжікстан  сұраныс көбейгесін бал экспортын арттыра бастады. Бүгінде жергілікті өнім шетелде сұранысқа ие, оның ішінде өнім Ресей, Қазақстан, Ауғанстан және Араб Әмірліктеріне экспортталады. Бал маусымы басталғанына көп бола қойған жоқ, бірақ ара өсірушілер 4 мың тонна өнім жинап үлгерді. Олардың айтуынша, табиғи тәжік балы әр түрлі аурулардың алдын алуға емдік пайдасын тигізеді.

ГУЛАНДОМ МЕЛИКБАЕВА, АРА ӨСІРУШІ /ТӘЖІКСТАН/:

 - Бізде мақта балы бар, түрлі-түстісі бар. Күйеуім барлығын өзі дайындайды. Прополиспен бал суық тиуден өте пайдалы болса, жүрек ауруларынан тазартылмаған бал көмектеседі. Сондай-ақ қан аздықтан, иммунитетті арттыру үшін аналық сүті бар бал пайдасын тигізеді. Бізде төрт қоспа бірге қосылған балдың түрі де бар.

Балдың дәмі омартаның орналасу орнына байланысты. Өсірушілер ара ұяларын тауларда, мақта алқаптарында, бақшаларда қояды. Елде барлығы аралардың 5 түрі өсіріледі. Олар тәжік, итальян, орта орыс, кавказ және ең танымал түрі – карпат.

ОЛИМ САИДАМИНОВ, КӘСІПОРЫННЫҢ АРА ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӨНІНДЕГІ БАС МАМАНЫ /ТӘЖІКСТАН/:

 - Тұмсығы миллиметрге ұзын араларды бедеге пайдалануға болады. Олар таулы аймақтарда балшырынын жақсы жинайды. Осылайша ең пайдалы бал береді.

МУЗАФФАРХОН ХАЛИМОВ, АРА ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӨНІНДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ БАСШЫСЫ /ТӘЖІКСТАН/:

 - Бүгінде Тәжікстанда ара өсіру шаруашылығын дамытудың 3 бағдарламасы қабылданып отыр. Олар аралардың отбасыларын ұлғайтуға және бал өндіруге бағытталған.

Соңғы жылы Тәжікстанда ара ұясының саны 8 мыңға өсті. Егер 2010 жылы елде 3 мың тоннаға жуық бал өндірілсе, 2019 жылы өндіріс шамамен жарты есеге артқан.

Фото: kaztag.kz