Қазақстан Өзбекстаннан студент тартуда

Қазақстан Өзбекстаннан студент тартуда

Өзбекстан жастары елімізде қашықтықтан білім алатын болады. Бұл Қазақстанның білім беру жүйесі мен қабылдау комиссиясының типтік ережесіне енгізілген өзгерістердің нәтижесінде мүмкін болып отыр. Жүйенің ерекшелігі – шәкірт пен оқытушы арасындағы байланыс интернет арқылы, яғни онлайн режимінде жүргізіледі. Кешенді жұмыстарды да виртуалдық зертхана арқылы тапсырады. Студентке еркіндік берілген. Қазір Қазақстанда оқығысы келетін көрші елдің жастарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы Өзбекстанның 5 бірдей қаласында қазақстандық жоғарғы оқу орындарының оқу орталықтары ашылған. Өзбек жастары сол жерлерге шілденің басынан құжаттарын тапсыра алады. Былтыр Өзбекстаннан қазақстандық жоғарғы оқу орындарына 12 жас қабылданған.

МУАТТАР ЭШБАДАЛОВА, ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 - Онлайн жүйесінде дәріс алу мәселесі маған қолайлы екен. Өйткені жұмыс істеп жүріп, оқуымды да жалғастыруға мүмкіндік бар. Сол жағынан қолайлы болғандықтан, қазақстандық оқу орнын таңдадым.

ЕҢЛІКХАН ҚОЗЫБАЕВ, МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК-ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

-  Белгілі бір уақытқа байланбайсың. Студент бос, өзі қалаған уақытта қалаған жерінде білім беру порталына кіріп, сайт арқылы өзіне қажетті оқу әдістемелік материалдарды алып дайындалуға мүмкіндігі бар. Сонымен белгілеген уақытта біздің портал арқылы сынақ емтиханын, сессиясын тапсыра алады.

Фото: kleo.ru