Қазақстан мен Өзбекстан Silk Visa қызметі бойынша ортақ келісімге келді

Қазақстан мен Өзбекстан Silk Visa қызметі бойынша ортақ келісімге келді

Қазақстан мен Өзбекстан Silk Visa ортақ виза қызметін іске қосады. Мақсат – Орталық Азия аймағына шетелдік туристерді бірлесіп тарту және бұл маршрутты әйгілеу.

Бірыңғай визалық режим екі ел үшін де тиімді болмақ. Бүгінде маңызды жобаны барлық мүдделі ведомстволар жан-жақты зерделеп, ортақ келісімге келген. Кедендік ұйымдар мен құзырлы орган өкілдері ақпарат алмасу мен құжаттарға мөр басу мәселесін пысықтап жатыр. Жоба жүзеге асса, Қазақстанға саяхаттап келген туристер Өзбекстан аумағына емін-еркін өте алады. Тиісінше, көрші елге келген қонақтар Ұлы Дала тарихымен жақынырақ танысады.

Бірыңғай визалық режимге Орта Азиядағы өзге де мемлекеттер қызығушылық танытып отыр.

АЗИЗ АБДУХАКИМОВ, ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бүгінде біз визалық режимді бір жүйеге ортақтастырып интеграциялауға тырыстық, деп айта аламын. Іс жүзінде Қазақстан Республикасы визасыз режим орнатқан елдермен Өзбекстан да дәл сондай қатынаста. Шын мәнінде, біздің елге келген туристер Қазақстанға да бара алады. Бұның өзін алғашқы қадамы деуге болады.

Фото: ашық дереккөз