Қытай мен Қырғызстан ынтымақтастығы

Қытай мен Қырғызстан ынтымақтастығы

Қытай Қырғызстанның басты сауда әріптесі және негізгі инвесторларының бірі болып саналады. Өткен жылдың мәліметтеріне сәйкес, елдер арасындағы тауар айналымының өскені байқалады. Сауда-саттық көрсеткіші 5 млрд 600 млн долларға жеткен. Тараптардың экономикалық, инвестициялық, мәдени әлеуметтік салалардағы ынтымақтастығы жақсы жолға қойылған. Кеңейіп келетін әріптестік аясының нәтижелері де көңіл көншітеді. Мәселен, Ош қаласындағы аурухана құрылысын аспан асты елі қаржыландырды.   

ШАИТБЕК АБДУРАХМАНОВ, ОШ ҚАЛАСЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, ҚЫРҒЫЗСТАН:

-  Нысанның жобалық құны 25 млн 800 мың АҚШ долларын құрады. Ғимараттың жалпы аумағы – 23,5 мың шаршы метр. Аурухана 3 корпустан тұрады. Өлар өзара дәліздермен жалғанған. 

Озық үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен жарықтандырылған жаңа  клиника 150 орынға шақталған. Аурухана ұжымы әріптестікті жалғастырып Қытай Халық Республикасына дәрігерлердің біліктілігін арттыру үшін оқуға жібермек.

АЗИЗБЕК ЮНУСОВ, ОШ ҚАЛАСЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҚЫРҒЫЗСТАН:

 - Халықтың тең жартысынан астамы оңтүстік аймақтарда мекен етеді. Сондықтан науқастардың бәрі бірдей сапалы ем алу үшін Бішкекке бара алмайды. Біздің кәсіби медициналық көмекпен тіпті Ферғана алқабын толықтай қамти алатын мүмкіншілігіміз бар.

Фото: sputnik.kg