Еуроодақ Орталық Азиямен су сапасын басқару тәжірибесімен бөлісті

Еуроодақ Орталық Азиямен су сапасын басқару тәжірибесімен бөлісті

Қоршаған ортаны қорғап, табиғи қорды ысырап қылмау.  Бұл жасыл саясатқа көшудің алғышарттары.  Осы орайда таза ауыз су сапасын жақсартуды қолға алудың  маңызы айрықша. Еуроодақ Орталық Азия аймағымен осы мәселе бойынша өз тәжірибесімен бөлісуде. Бүгінге дейін өңір бойынша жүргізілген семинарларына 200-ден астам сала мамандары атсалысқан. Тек Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылған оқыту шарасына 30-дан астам тыңдарман қатысты.   Көзделген мақсат - аймақта тіршілік көзінің сапасын жақсартып, су таратқыш жүйені толықтай жаңғыртуға қажетті озық технологияларды ендіру. Жиында қатты қалдықтарды қайта өңдеудің маңызы да айтылды.

ЙОХАННЕС СТЕНБЕК МАДСЕН, ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ӨКІЛДІГІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Бірінші кезекте қатты қалдықтарға арналған заманауи полигондар құру ісіне мән бөлу керек. Онда озық технологиялар енгізілуі тиіс. Бұл экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет. Зиянды заттар топыраққа сіңіп, жер асты суланына тарап кетпес үшін. Сондай-ақ қоқысты өңдеп жылу, электр энергиясын шығаруға болады.  

ГАУҺАР БЕЙСЕЕВА, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСЫЛ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қолжетімді технологиялар арқылы тазалыққа жету. Соны қазір үйрену үшін біз солардың тәжірибесін Қазақстанға алып келу үшін. Біздің тұжырымдама мақсаттарына жету үшін, индекаторларына жету үшін тәжірибе керек болып тұрғаннан кейін жергілікті әкімшіліктің адамдарын жинап соған үйретеміз. Семинар-тренинг жасап осы жерде платформа құрамыз.

Фото: mylida.org