Құдияр хан қамалы зиярат етуші туристердің киелі мекеніне айналуы мүмкін

Құдияр хан қамалы зиярат етуші туристердің киелі мекеніне айналуы мүмкін

Іргесі 18-19 ғасырларда қаланған Құдияр хан қамалы зиярат етуші туристердің киелі мекеніне айналуы мүмкін. Ұзындығы 200-300 метрді құрайтын тарихи нысан Баткен өңірінде орналасқан. Ол қырғыздың ханы Құдияр билік еткен кезеңде қорғаныс бекініс ретінде тұрғызылыпты. Биік қорғаннаның жоғарғы нүктесінен айнала алақандағыдай көрінеді. Қамал су, тас пен балшық сынды табиғи материалдардан салынған. Бүгінгі таңда тарихи құрылыстың көп бөлігі жылдар бойы мүжілген.

АЗАМАТ ОРМОНОВ, КАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Көптеген дерекөздерде қабырғаларының биіктігі бір метрден сәл ғана асып жығылады деген  ақпарат шындыққа жанаса қоймйады.Бүгінгі күнннің өзінде олардың биіктігі төрт метрден артық. Бастапқыда олар әлдеқайда биік болды.

Жаңбыр мен қардың ылғалынан қамалдың көп бөлігі бұзылған. Жергілікті тұрғындар жаңғыртылған қабырғаларды ауа райының тылсым күшінен сақтайтын қорғаныс жүйе ойлап табу керек дегенді алға тартуда.

ИСАМИДИН ОСОРОВ, КАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Жылдан - жылға бекініс әбден тозып барады. Бойы отырып қабырғалары жұқара түсті. Егерде жаңғырту ісін дер кезінде қолға алсақ тарихи ескерткішті сақтап қаламыз. Туристер қатары артады.

1970 жылдары қамалдың аумағына өрік ағаштары отырғызылды. Тарихи нысанда жайқалған бақшамен қатар тамылжыған табиғат, заңғар таулардың әсем көрінісін тамашалауға болады. 

Фото: gde.kg