Еуроодақтың Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясы

Еуроодақтың Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясы

Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясы осы уақытқа дейін қалыптасқан байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Алдағы 10 жылды қамтитын құжат 2007 жылдан бері қолданыста болған стратегияның негізінде құрылды.

Заман ағымына сай жаңартылған стратегияның негізгі бағыттарының бірі өңірдің тұрақты дамуына қатысты. Оған саяси ықпалдастықты арттыру, қауіпсіздік мәселелері, қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі, білім және жастар саясаты кіреді.

Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі  Свен-Олов Карлсонның айтуынша, көп жақты қарым-қатынас аясын кеңейтуге оңтайландырылған құжат тараптарға көптеген жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.

СВЕН-ОЛОВ КАРЛСОН, ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

- Еуропалық одақ пен Қазақстан арасында жасалған екіжақты ынтымақтастық келісімі Орталық Азияның өзге де елдеріне үлгі болды. Мәселен, қазіргі таңда Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттері де Еуропалық Одақпен сәйкес құжатқа қол қоюға келіссөздер жүргізіп жатыр.  Қазақстанмен жасалған ынтымақтастық пен жаңарған стратегия үндесіп, бір-бірін толықтыра түсті. Біз тек Қазақстан ғана емес, жалпы Орталық Азия елдерімен екіжақты байланыстың және аймақаралық 5 елдің де оның үстіне Ауған мемлекетімен өзара әріптестігі, интеграциялық үрдістердің дамуын қалаймыз. 

Фото: uzdaily.com