Қырғызстан кітапханасының құрылғанына 85 жыл

Қырғызстан кітапханасының құрылғанына 85 жыл

Сирек кезігетін кітаптар мен қолжазбалар, көркем әдебиет, ғылыми еңбектер мен 18-19 ғасырлардың құнды құжаттары. 90 тілде басылған қырғыз бен шетелдің атақты қаламгерлерінің еңбектері. Орталық Азия аймағындағы ең ірі кітапханалардың бірі саналатын рухани азық мекенінің қорында 6 млн дана кітап сақтаулы. Қырғыз халқының жауһарлы туындысы «Манас» эпосының алғашқы басылымдары – кітапхананың жауһары.

ИЛЬЯ БЫКОВНИКОВ, РФ ПРЕЗИДЕНТІ КІТАПХАНАСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Бұл жерде жергілікті халықтың дәстүрлі әдебиеті, электронды басылымдары, ұлттық орталықтар мен әлемнің көптеген тілдерінде жазылған кітаптар жақсы үндестік тапқан.   

Биыл Қырғызстанның ұлттық кітапханасы өзінің 85 жылдық мерейтойын атап өтеді. Құрылған күнінен қоры түрлі әдеби жанр, ғылыми-танымдық, техникалық оқулықтар анықтамалық  еңбектермен  толықтырылып келеді. Сөрелерінде кітаптар тізіліп тұр.

ДИНАРА ШАЛМАТҚЫЗЫ, ҚЫРҒЫСТАН ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ОҚЫРМАНЫ:

- Мұнда тұрақты түрде келіп тұрамын. Қазір кандидаттық дисертация жазып жатырмын. Маған қажетті  барлық материал осы жерден табылады.

Бай кітап қоры, мұрағаттық және базалық материалдармен оқырмандар онлайн режимінде де таныса алады.  Қажетті ақпарат кітапхананың сайтында кез келген адамға қолжетімді.

Фото: nlkr.gov.kg