Тәжікстанның шипажайлары мен Нүрек ГЭС-і

Тәжікстанның таулы өлкесі тек жанға ғана шипа емес, сонымен қатар дертке де дауа болатын қасиетке ие. Мемлекет үкіметі «Ауырып ем іздегенше, сырқаттанбаудың жолын тап» деген қағиданы берік ұстанады.  Ел аумағында түрлі кеселдердің алдын алуға бағытталған 20-дан астам шипажай бар. Заманауи жарықтандырылған емдеу мекемелерінің бірі Гиссар тауларының баурайында орналасқан.

Қазіргі таңда халық тұтынып жүрген қуат көзінің тең жартысынан астамы Вахзш өзеніндегі Нурек станциясынан шығады. Оның атауы «жарық сәуле» деген мағынаны білдіреді. Қуаттылығы 3 мың мегаватт. Стратегиялық нысаннның жұмысы 70-ке тарта маманнның жіті бақылауында.