Биыл Ыстықкөл туристердің рекордтық санын күтуде

Биыл Ыстықкөл туристердің рекордтық санын күтуде

Биылғы жылы Ыстықкөлге әлемнің әр түкпірінен 7 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде. Теңіз климаты мен таудың саф ауасы жыл сайын Еуропа мен ТМД елдерінен келетін саяхатшылардың қызығушылығын арттырды. Әсіресе меймандардың Қырғызстан мәдениетін танып-білуге деген ынтасы жоғары.

- Қырғыздар – қолөнерге бай халық. Ата-бабаларымыздан қалған мұрамыз бай. Туристердің қызығушылығы зор. Бұрын олар дайын дүниені сатып алса, соңғы уақытта қолөнерді үйренуге құлықты.

Туриндустрия өкілдерінің мәлімдеуінше, бүкіл елден 100-ден астам компаниялар саяхатшыларға өңірдің көрікті жерлері, жергілікті тағамдар туралы тәптіштеп айтады және көрші елдермен әріптестестік тәжірибесімен бөліседі. Марина Қазақстаннан келген. Мұнда ол жаңа бизнес-серіктестерді іздеп келген.

МАРИНА ГУЛЯЕВА, ТУРФИРМА ӨКІЛІ /ҚАЗАҚСТАН/:

- Шымкенттіктер осында келгенді жақсы көреді. Біздің отбасыларымыз үлкен болғандықтан, екі ересек және 4-5 баламен келеміз. Әрине, бір жағынан қызметтің арзан болғанын қаласа, екінші жағынан жағдай жасалғанды қалайды. Барлық жерде де солай ғой. 

Өткен жылы Қырғызстанда 7 миллионға жуық шетелдік туристер демалған. Бұл рекордтық көрсеткіш. Билік бұл жетістікті Ыстықкөлде өткен Көшпенділер ойындарымен байланыстырады. Бұл - олимпиада республиканы бүкіл әлемге танымал еткен болатын.

МАРИНА КОЛЕСНИКОВА, ТУРФИРМАНЫ БРОНДАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Біз туристік маусым қарсаңында көптеген көрмелерге бардық, сонда танымал бола бастағанымызды түсіндік. Мұның барлығы Көшпенділер ойындарының арқасында екендігін атап өту керек. Өйткені, бізге келіп сөйлескен компаниялар бізге: Қырғызстан керемет жер, біз Көшпенділер ойындарында болдық, біз сіздердің елді басқа қырынан таныдық, көрдік деді. Менің ойымша, бұл өте табысты жоба болды.

Өткен жылы туристік сала ел бюджетінің қоржынын 450 миллион АҚШ долларымен толықтырды. Егер бұрын қонақтар Қазақстан мен Ресейден көбірек келетін болса, енді туристер алыс шетелден де ат арылтып жетіп жүр.

НУРИ ШИМШЕКЛЕР, ТҮРКИЯДАН КЕЛГЕН ТУРИСТ:

- Бұл саланы дамытуға үлкен инвестициялар қажет. Менің ойымша, бірнеше онжылдықтан кейін бұл орын Керемет курорттық аймаққа айналады.

Елде туристерге қауіпсіз және жайлы демалыс үшін саяхатшының паспорт-картасы беріле бастады. Кьюар-кодты арнайы қосымша арқылы сканерлегенде, шетелдіктер шұғыл қызметтермен жедел байланыса алады. Сондай-ақ, республиканың ең әдемі орындарындағы, қонақ үйлер мен мейрамханалардағы жеңілдіктер туралы ақпарат ала алады.

Фото: aquarida-tour.kz