Тәжікстанда Наурызды қалай тойлайды?

Орталық Азия елдерінде Наурыз мейрамы халықаралық деген атуына сай кең көлемде аталып өтеді. Тәжіктер Наурызды достықтың кілті және тіршіліктің оянуы деп санайды. Оны «Хадир айиам», яғни «үлкен мереке» деп атайды. Еңбектеген сәбиден, еңкейген қарияға дейін бар сән-салтанатымен ұлықтап қарсы алады. 

Назарларыңызға Тәжікстандағы Наурызды тойлау дәстүрі жайлы арнайы репортажды ұсынамыз.