Қазақстан-Өзбекстан ынтымағы

Қазақстан-Өзбекстан ынтымағы

Қазақстан мен Өзбекстан ынтымағы бекемдей түспек. Өткен жылы екіжақты тауар айналымы 50 пайызға артып, 3 млрд долларды құрады. Қос тарап бұл көрсеткішті 5 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға сапары барысында республикалар экономикалық, әлеуметтік және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты тереңдететін келісімдерге қол қойды. Сондай-ақ, мемлекеттер үшін логистикалық әріптестік те маңызға ие. Өзбекстан Қазақстан арқылы екі бірдей алып нарыққа шыға алады. Бірі – Қытай, енді бірі – Ресей.

ВАЛЕРИЙ БИРЮКОВ САЯСАТТАНУШЫ:

  - Өзбекстан бүгінде импорт пен экспортқа қатысты негізгі сауда-экономикалық шаруаларын Қазақстан арқылы жүзеге асырады. Бірақ, қазір Өзбекстан-Түркменстан-Иран-Қатар дәлізін ашу нәтижесінде Парсы шығанағының порттарына шығуды ойластырып жүр. Бұл тақырып Қазақстан үшін де өте маңызды. Демек, алып инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру тұрғысында екі елдің мақсат-мүддесі бір. Интеграцияға жол ашу көп пайда әкеледі.

Фото: zakon.kz