Климаттың өзгеруі Орталық Азияға да кесірін тигізуде

Климаттың өзгеруі Орталық Азияға да кесірін тигізуде

Ташкентте  Орталық Азия аумағындағы климаттың өзгеруі жөніндегі халықаралық конференция өтті. Осымен екінші рет ұйымдастырылған жиынға бауырлас бес мемлекетпен қатар өзге елдердің сарапшылары қатысып, ғаламдық және аймақтық мәселелерді бірлесіп шешу жолдарын талқылады.  Табиғи тепе-теңдікті сақтау үшін жаңартылған энергия көздерін өндіру мен ресурстарды тиімді пайдалану өзекті мәселе болып қала бермек. Ал жаһандық жылыну қазірдің өзінде экономиканың барлық саласына кері әсерін тиігізіп отырғаны анық. Сондықтан Орталық Азия елдері күш біріктіру арқылы ғана аймақтағы экономикалық тұрақтылық пен азық-түлік қауіпсіздігін сақтап қалмақ, дейді мамандар.

ИСКАНДАР АБДУЛЛАЕВ, ОРТАЛЫҚ АЗИЯ АЙМАҚТЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

- Барлық елдердің экономикалық және әлеуметтік жағынан алып қарағанда өз артықшылықтары бар, әрине. Егер біз сол жетістіктерді  біріктіретін болсақ, онда табиғи өзгеріске тез бейімделуге болады. Су тапшылығы мен ауыл шаруашылығы, энергетикалық мәселелерді де шеше аламыз. Әрине жекелей жетістікке де жетуге болады. Оған ешкімнің таласы жоқ. Дегенмен оған ұзақ уақыт кетеді және көп қаржы жұмсалады. Сондықтан осы конференция климаттық өзгерістерге қарсы бірлесу алаңы бола алады деп ойламыз. Біз оған бірлесіп қол жеткізе аламыз.

Конференцияда 2015 жылы қабылданған климат жөніндегі Париж келісім шартының орындалуы мен оны жүзеге асыру мәселесі де қаралды. Бұл ретте Қазақстан климаттық өзгеруге байланысты 2018-2020 жылдарға арналған Ұлттық жоспарын бекіткен. Оған қоса еліміздің Энергетика министірлігі экологиялық кодекс әзірлеп жатыр. Құжатқа климаттың өзгеруіне бейімделу ережесі енгізіледі. Бұл улы газдардың ауаға таралуына тосқауыл қоятын негізгі заңнама болмақ.

БЕКБЕРГЕН КЕРЕЙ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Энергетика министірлігі жаңа экологиялық кодекс әзірлеп жатыр. Бұндағы ең басты мәселе үлкен ереже болып бектіледі. Бұнда жаңағы климаттың өзгеруіне бейімделу мәселесінің ережесін енгізіп жатырмыз.

Конференцияда трансшекаралық өзен суларын тиімді пайлану мәселесі де қаралды. Өйткені бауырлас елдердегі 55 миллонға жуық халық егіншілікпен айналысады. Қазірдің өзінде егістік алқаптардың 90 пайызы жасанды суғарылады екен. Қатар келіп жатқан құрғақшылық пен климаттың өзгеруінен 2050 жылға қарай ағын суға деген сұраныс 30 пайызға артады, дейді ғалымдар. Аптап ыстық таудағы мұздықтардың тез еруіне әкеп соғуда. Сондықтан заманауи технологияны көбірек ендіріп, суды барынша үнемдеуге бейімделуіміз қажет, дейді ғалымдар.

ЖАЛИЛ БУЗРУКОВ, ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ОРНЫҚТЫ ДАМУЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҚТЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Бұл жерде арқы қарай не істеуіміз керек деген сауал тұр. Жай шақыртудан нақты іске көшуіміз қажет. Орталық Азия аумағындағы климаттық өзгерістерді төмендету үшін не істеуіміз керек? Өйткені аймақтың жарты бөлігін алып жатқан таудағы мұздықтар тез еріп жатыр. Шешімін таппай жүрген Көптеген проблемалар бар: экожүйенің өзгеруі,  таулы ланшафтардың өзгеруі, су ресурстарының азаюы,  сапасы, т.б. Бұл өте ауқымды әрі өзекті мәселе. Оған бір жақты емес, тұтастай интергациялық жүйе тұрғысынан мән берген жөн.

Бүгінде Қазақстан кіші Аралды толтырып, балығын тулатып отыр. Өзбекстан тарапы да үлкен Аралды сақтап қалу үшін барын салуда. Қос мемлекет теңіз ұлтандағы мыңдаған гектар алқапқа құм мен жиналған тұздың жаппай көшуіне тосқауыл болатын сексеуіл мен басқа да шөлге төзімді өсімдіктер егіп жатқаны айтылды.

Фото: akipress.com