Тәжікстанда Нурек гидроэлектр станциясы жаңғыртылады

Тәжікстанда Орталық Азияның су энергиясы қорының 60 пайызға жуығы шоғырланған.  Бүгінде елде 11 гидроэлектр станциясы жұмыс істеп тұр.  Халық тұтынатын қуат көзінің тең жартысынан астамы Нурек нысанынан шығады. 1972 жылы іске қосылған стратегиялық нысаннның қуаттылығы – 3 мың мегаватт. Мұндағы 9 қондырғы жылына 11,2 миллиард киловатт/сағат энергия өндіреді. Ал су қоймасының сыйымдылығы 10,5 миллиард текше метрге шақталған. Бір айта кетерлік жайт, Тәжікстандағы Нурек гидростанциясының платинасы құм мен тастан қаланған әлемдегі ең үлкен бөген саналады. Құрылыстың жалпы биіктігі 300, ені 20 метрді құрайды. Теңіз деңгейінен алып қарайтын болсақ, шамамен бір километрге жуықтайды.  Алдағы он жылдың ішінде станцияны толықтай жаңғырту жоспарланып отыр.

АНВАР КИРАМАДИНОВ, НУРЕК ГЭС БАС ИНЖЕНЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ /ТӘЖІКСТАН/:

- Нурек гидроэлектр станцасының негізгі, қосалқы және көмекші қондырғыларының іске қосылғанына 40 жылдан асты. Биылдан стансаны толықтай жаңғырту жұмыстарын бастап кеттік. Барлық жоспарды тындырып, әр бөлшекті заманауи үлгісіне алмастырған соң қуаттылық 12 пайызға ұлғаяды. Яғни нысанның жалпы қуаттылығы 3300 мегаваттқа дейін жететін болады.  

Фото: asiaplus.tj