Өзбекстан «Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану туралы» заң жобасын мақұлдады

Өзбекстан «Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану туралы» заң жобасын мақұлдады

Өзбекстан депутаттары «Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану туралы» заң жобасын мақұлдады. Құжатта атом энергиясын бейбіт мақсатта дамыту мен пайдалануда бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеу қарастырылған. Заң жобасына сәйкес, 2022 жылы Өзбекстан 1200 мегаватт қуат өндіретін 2 энергоблоктан тұратын атом электр станциясын салады. Атом стансасын іске қосу нәтижесінде Өзбекстан атмосфераға шығарылатын көмірқышқыл газы қалдықтарын 14 млн тоннаға дейін азайтпақ. Оған қоса ішкі нарықтағы электр энергиясына деген сұранысты толық қамтамасыз етеді. 

ЖАМШИД ПИРМАТОВ, ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОИЛИЙ МӘЖІЛІСІ ЗАҢ ШЫҒАРУ ПАЛАТАСЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

-  Жалпы бұл  құжат ел тарихындағы атом энергетикасы туралы алғашқы заң болмақ. Өзбекстанда жалпы алғанда табиғи байлықтар қоры жеткілікті. Дегенмен энергияға деген сұраныс жыл санап артып келеді. Құжат атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланып, қауіпсіздік мәселелерін сақтауға негіз болады. Оған қоса қоршаған ортаны қорғау мен ашықтықты қамтамасыз етеді.

Фото: spot.uz