Тәжікстан-Ресей: Білім беру саласындағы ынтымақтастық

Тәжікстан-Ресей: Білім беру саласындағы ынтымақтастық

Тәжікстан мен Ресей гуманитарлық, ғылыми және білім беру салаларында ынтымақтастықты белсенді түрде дамытуда. Бүгінгі таңда тараптар жастардың әлеуетін дамытуға бағытталған көптеген жобаларды жүзеге асыруда. Тәжікстан астанасында студенттер арасында іскерлік белсенділікті дамыту бойынша мастер-класс өтті. Жоба Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Душанбе қаласындағы филиалының базасында «Бизнес-Еуразия» халықаралық жастар мектебі аясында жүзеге асырылуда. Қатысушылар іс-шараны ұйымдастырушылар арасында ерекше қызығушылық тудыратын іскерлік жобаларға өз идеяларын ұсынды.

ДАРЬЯ ЧИЖОВА, М. В. ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ-САРАПТАМАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

-  Тәжікстанда барлық жастар, студенттер, оқып-білемін деп ниет танушыларға  жобалауда негізгі білім мен дағдыларды қамтамасыз ету міндеті қойылған болатын. Жастар кәсіпкерлігін дамыту үрдісі Тәжікстанда да, Ресей Федерациясында да өте күшті. Кәсіпкердің ауқымды жобаны қолға алуы үшін базалық дағдылары керек. Яғни ол өзінің негізгі идеяларын қағаз бетіне түсіріп, өз жобасын құрып, нақтылап, инвесторларға ұсынуға болатындығын үйретіп түсіндіреді. 

Білім Душанбе мен Мәскеу арасындағы ынтымақтастықтың маңызды саласы болып табылады. Федералды бюджет қаражаты есебінен Ресей жақын арада Тәжікстанда 5 жалпы білім беретін мектеп салуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар бүгінгі күні тәжік жастары ресейлік жоғары оқу орындарында тегін оқуға мүмкіндік алған.

НИКИТА БЫХОВСКИЙ, ДУШАНБЕДЕГІ «РОСОТРУДНЕСТВО» ӨКІЛДІГІ ЖӨНІНДЕГІ ЖОБАНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

 - Биыл Тәжікстан Республикасының студенттеріне Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарында тегін оқуға 630 орын бөлінді. Қазір ресейлік жоғары оқу орындарында құжаттарды қабылдау белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

Фото: news.tj