Қырғызстан туризмді дамыту бағдарламасын әзірледі

Қырғызстан туризмді дамыту бағдарламасын әзірледі

Қырғызстанда 4 жылға арналған туризмді дамыту бағдарламасы бекітілді. Оның басты мақсаты – туристер ағынын кем дегенде 10 пайызға дейін ұлғайту. Мәдениет, ақпарат және туризм министрлігінің мәліметінше, былтыр 150 мыңнан астам шетелдік елге ат басын бұрған.

МАКСАТ ДАМИР УЛЛУ, ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТ, АҚПАРАТ  ЖӘНЕ ТУРИЗМ МИНИСТРЛІГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Бұл, әрине, Қырғызстандай әлеуеті зор ел үшін өте аз көрсеткіш. Біз жуырда туризмді дамыту жөніндегі жаңа бағдарлама қабылдадық. Ол биылдан бастап 5 жылға арналған. Осылайша біз қысқы туризмнің әлеуетті бағыттардың бірі екендігіне назар аударғымыз келеді. Ол елдегі туризмді дамытуға серпін береді деген сенімдеміз. Қырғызстанға келетін туристердің саны артатын болады.

Қазіргі уақытта Қырғызстан «Орталық Азияның Швейцариясы» деп жиі айтылады. Оның аумағының үштен екі бөлігінде таулар жайғасқан. Шаңғы тебумен тек жастар ғана әуестенбейді. Отбасыларымен бірге бұл жерге жиі келетіндер де көп.

СТЭСИ ХЮ, ТУРИСТ / КАНАДА/:

 - Канадада, әсіресе мен тұратын Торонто қаласында қыста қар өте көп болады және күн суық. Бірақ бізде әсем таулар жоқ. Сондықтан маған Қырғызстан өте ұнайды. Адамдардың  қонақжайлылығын ерекше атап өткім келеді.

Елге Германияның тұрғындары өте көп келетін көрінеді. Екінші орында – Корея мен АҚШ. 2012 жылы Қырғызстан 45 елмен визасыз режим енгізген болатын. Енді бұл тізімге тағы 10 мемлекетті енгізу жоспарлануда.