Өзбекстанның құрылымдық реформасы: Енді депуттар министрлерді бекітеді

Өзбекстанның құрылымдық реформасы: Енді депуттар министрлерді бекітеді

Өзбекстанда 1-ші сәуірден бастап үкімет мүшелерін бекітудің жаңа тәртібі енгізіледі. Елде енді бұдан былай министрлер мен комитет басшылары депутаттардың мақұлдауымен тағайындалады. Бұл тізімде вице-премьерлерде бар. Көрші елдің басшысы Шавкат Мирзиеев жуырда осындай жарлыққа қол қойды. Соның негізінде президент ұсынған кандидаттар депутаттардың алдында өздері әзірлеген арнайы жобаларын қорғап шығулары керек. Оған қоса ендігі жерде үкімет басшысы қарамағындағылармен бірлесе отырып, арнайы бағдарламалардың орындалуы жөнінде тоқсан сайын депутатар алдында есеп береді. Болашақ шенеуніктер заңнамалар мен экономикалық қырларын жетік меңгеріп, инновациялық жаңалықтар енгізіп жатса тіптен жақсы, дейді депуттар.

РАСУЛ КУШЕРБАЕВ, ӨЗБЕКСТАН ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Әрбір мекеме басшысы өздері жасаған жаңа жоспарларын жүзеге асыруға тырысады. «Сол бағдарламалары көпшіліктің көзқарасымен қаншалықты сәйкес келеді? Жұрттың көкейінде жүрген сауалдарды қаншалықты деңгейде қамти алады?» деген сұрақтар бар. Яғни өздері зәру деп тапқан мәселені ғана емес, депутаттар мен адамдар көтерген өзекті мәселені тездетіп шешуге мәжбүр болады.

Бүгінгі таңда Өзбекстанда мемлекеттік қызмет жоспарлы түрде жетілдіріліп жатыр. Кешенді реформалар сот-құқықтық жүйе, әлеуметтік сала, қауіпсіздік және ұлтаралық келісім мен дінаралық қарым-қатынастар бағытында қамтып отыр. Өзбекстан елінің басшысы экономиканы түрлендіру мен ішкі нарыққа сырттан қаржы тарту ісіне басымдық беруде. Сондай-ақ ол 2019 жылды «Белсенді инвестициялар мен әлеуметтік сала жылы» деп жариялауды ұсынып отыр. Президенттің пікірінше ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілетті болуы белсенді инвестициялық саясатқа тікелей қатысты.