Орталық Азия-Қытай байланысы артады

Орталық Азия-Қытай байланысы артады

Биыл Орталық Азияда дамудың қолайлы жағдайы сақталып, аймақтағы елдердің арасында әріптестік арта түседі. Бұл жайында Қытай сарапшылары шығарған ғылыми жұмыста айтылып отыр. Жаңа ғылыми жинақ «Орталық Азиядағы елдердің 2019 жылдағы дамуы» деп аталады. Оны Қытай қоғамдық ғылымдар Академиясына қарасты Шығыс Еуропа, Ресей, Орталық Азияны зерттеу институты құрастырған. Кітап Бейжіңде өткен баспасөз мәслихатында таныстырылды. Баяндамада Орталық Азияның өткен жылы тұрақтылығын сақтап, саясат, экономика, дипломатия және қауіпсіздік салаларын дамытқанына тоқталады. Сонымен қатар Жібек Жолы жобасының маңызды қатысушысы саналатын аймақта «Бір белдеу, бір жол» бастамасы жүзеге асырылғаннан кейін оңды өзгерістер байқалады, сонымен қатар Орталық Азия елдері туындаған ортақ мәселелер мен мақсаттарды өзара сенім, кеңесу және серіктестік арқылы шешуде, деп есептейді қытай сарапшылары.

СУНЬ ЧЖУАНЧЖИ, ШЫҒЫС ЕУРОПА, РЕСЕЙ, ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Биыл Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынас одан әрі дамып, тереңдей түседі. Жоғары деңгейдегі мемлекеттік іссапарлар, соның ішінде біздің төраға Си Цзиньпиннің де сапары жоспарланған. Ал сәуірде Орталық Азия елдерінің басшылары Бейжіңдегі «Бір белдеу, бір жол» саммитіне келеді. Сондықтан 2019 қарқынды даму жылы болмақ. Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы байланыс одан әрі тереңдей түседі.