Орталық Азия елдеріндегі басты оқиғаларға шолу

Орталық Азия елдеріндегі басты оқиғаларға шолу

http://www.ca-portal.ru/article:47764

Қазақстан мен Қырғызстан мұнайды бажсыз жеткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Бішкекте сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі екі мемлекет үкіметтері арасындағы келісім жобасы талқылануда, деп хабарлайды «ca-portal». Құжатқа сәйкес біздің еліміз белгілі бір мөлшерде отандық тауарларға экспорттық кедендік салықтарды өндіріп алмайды. Келіссөздердің екінші кезеңі жақын арада біздің еліміздің аумағында өтеді.

 

https://uzdaily.uz/articles-id-41230.htm

Франция Өзбекстанда шыны өндірісінің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін 500 мың еуро бөлуге ниетті. Қаражат Жизақ  ауданда сәулет және автомобиль шыныларын шығару жобасына бағытталады, - деп хабарлайды «uzdaily» ақпарат порталы. Бұқаралық ақпарат құралында кәсіпорында күніне 600 тонна шыны өндіру жоспарланып отырғандығы жазылған.

https://uz.sputniknews.ru/economy/20190118/10550721/Vo-Vladimirskoy-oblasti-postroyat-logisticheskiy-tsentr-dlya-uzbekskikh-tovarov.html

Ресейде өзбек тауарларының логистикалық орталығы салынады. Владимир облысында жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізуді ұйымдастыруға арналған көтерме сауда орталықтарының құрылысы басталады. Қазір тараптар барлық қажетті құжаттарға қол қойып, дайындау үстінде. Бұқаралық ақпарат порталының хабарлауынша, орталықтың құрылысы өзара сауданы арттырып, жұмсалатын уақытты барынша қысқартады. Айта кетейік, Владимир облысының Орталық Азия елімен тауар айналымы 2018 жылы 24 млн АҚШ долларынан асты.

 

https://www.discovery.com/playlists/the-best-of-ed-stafford

Discovery Channel Қазақстанда жаңа жоба түсірді. Эд Стаффорд бағдарламасының эпизодтарының бірінде британдық экстремал және құтқарушы-маман 5 күн ішінде «Алтын Емел» паркіндегі ең күрделі жолмен өтеді, деп хабарлайды телеарнаның баспасөз қызметі. 4-ақпанда Discovery арнасында жобаның Қазақстанға арналған сериясы шығарылмақ.