Қырғызстан аяқ-киім өндірісін дамытуда

Қырғызстан аяқ-киім өндірісін дамытуда

«Made in Kyrgyzstan» аяқ-киімі Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспортталуда. Шу облысындағы фабрика өзінің өнімін көрші елдердің нарығына жөнелтіп отыр. Олар ыңғайлылығы мен әсемдігі бойынша шетелдік аяқ-киімнен еш кем түспейді, - дейді өндірушілер.

ГЕННАДИЙ КОВАЛЕВ, ӨНДІРІС БАСШЫСЫ:

 - Қандай аяқ-киімнің сұранысқа ие болатынын болжап білу мүмкін емес. Сондықтан автоматты пішу тәсілін қолданамыз.

Фабрикада заманауи құрал-жабдықтар орнатылған. Бұл материалдар мен уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сызба үлгіден дайын өнім жасалғанға  дейін небары бірнеше сағат жұмсалады. Мәселен, мына тігін автоматына дайындалған былғарыны салу жеткілікті. Қалғаны адамның көмегінсіз-ақ жасалады. Бұл жердің қызметкерлері тиісті оқытудан өткен. Біреу қажетті үлгілерді дайындаса, екіншілері сәндік тігістер қосып, аяқ-киім табанын тегістейді.

БАХТИЯР КАДЫРОВ, БӨЛШЕКТЕРДІ ӨҢДЕУШІ:

 - Фабриканың ашылғанын естідім. Олар қызметкерлерді жұмысқа қабылдап жатқан болатын. Сөйтіп, осында келіп көремін деп шештім. Жартыжылдық оқытудан өткеннен кейін жұмысқа алды.

Фабрикада күніне 300 жұп аяқ-киім шығарылады. Қажетті бөлшектер мен материалдар Ресей мен Түркиядан алынады. Күнделікті әйелдердің аяқ-киімі мен ерлерге арналған классикалық үлгідегілер де бар. Олардың алғашқы партиясы Қазақстанға жөнелтіліп отыр.