Шетелдік туристер қысқы демалысты Қырғызстанда өткізуді қалайды

Шетелдік туристер қысқы демалысты Қырғызстанда өткізуді қалайды

Шетелдік туристер үшін Қырғызстанның қысқы туризмі аса тартымды болып келеді. Республикаға сырт елдерден келетін саяхатшылардың ағыны артуда. Оларды көбіне таудан шаңғымен сырғанау спорты қызықтырады. Сондықтан шаңғымен серуен құруды қалайтындардың таңдауы Орталық Азия аймағының биік тау жоталары алып жатқан Қырғыз еліне түседі. Әуесқойлар мен кәсіби спортшылар үшін бар жағдайлар жасалынған. 

Елдегі тау-шаңғы базалары қонақтарына түрлі трассалармен қатар сапалы қызмет түрлерін ұсынады. Шетелдіктер тіл білмеуден шектеу көрмесі үшін аудармашылар қызметі де қарастырылған.

АКБАР РУЗИЕВ, ТАУ-ШАҢҒЫ БАЗАСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Біз демалушылардың сұраныстарын барынша қанағаттандыруды бірінші кезекке қоямыз. Бізде қонақтар өздерін жайлы сезінулері үшін бар жағдайлар жасалынған. Аймағымызда қарға толы, шаңғымен сырғанау үшін түрлі трассалар қарастырылған. Мемлекет туризмді дамытуға үлкен көңіл бөледі. Өз басым ол демеуді сезініп отырмын. 

Қырғызстанның әсем табиғаты мен халқының қонақжайлығы швейцариялық саяхатшыларды тәнті еткен.

ДЖОН, ТУРИСТ, /ШВЕЙЦАРИЯ/:

 - Мен осы ел туралы көп білмеймін, алайда тау шаңғысымен  әуестенетіндер үшін таптырмас мекен екенін естігенім бар. Бұл сөздердің жаны бар екеніне көзім жетті.

Қырғызстан мемлекетінің  қысқы туризмді дамыту әлеуеті аса зор. Саланың қызмет аясын кеңейтіп, инфроқұрылым сапасын жақсарту үшін кешенді бағдарламалар құрылған.

МАҚСАТ ДАМИР, ТУРИЗМ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қырғызстанның туризм саласы бірнеше бөліктен құралатынын білесіздер. Ол тек шаңғы және сноубордпен шектелмейді. Сондай-ақ таудың баурайынан еркін сырғанауға арналған «фрирайдинг» деп аталатын қызмет түрлері де бар. Бұған қоса, жүрек жұтқан туристер үшін Хельскин немесе тікұшақтан секіріп, таудан төмен сырғанап түсуді ұсына аламыз. Қырғызстанда қысқы туризмді дамыту әлеуеті зор. Ол үшін нақты қадамдар жасалуы керек. Бірінші кезекте, осы салада жеке ісін ашамын деген кәсіпкерлерге жеңілдіктер қарастырып, салған қаржылары табыс әкелетіндей, қызмет сапасы артатын жағдайлар жасалуы керек.     

Тек 2018 жылы ғана Қырғызстанға 5 миллионнан астам турист келгенін атап өткен жөн.