Өзбекстан: Білім саласын жетілдіру

Өзбекстан: Білім саласын жетілдіру

Өзбекстан 3,5 мыңға жуық маманды шетелде магистратура мен докторантурада оқытып, біліктілігін арттырмақшы. Ел президентінің сөзінше, қазір халықаралық тәжірибесі бар мамандарға сұраныс зор. Жалпы Өзбекстанда жоғарғы білім беру жүйесін кешенді дамыту жөнінде 5 жылдық бағдарлама қабылданған. Соның негізінде биыл ел аумағында шетелдік оқу орындарының бөлімшелерін қосқанда жалпы 13 білім ордасы ашылды. Қазірдің өзінде елге ғылым мен педагогика саласына 5 мыңнан астам маман қажет. «Оған өндірісті қоссақ тапшылық бұдан да артады. Заманауи технологияны игерген маман даярлау заман талабы», - дейді президент.

МОХИГУЛ МАМАДАЛИЕВА, ЖАС МАМАН:

-  Президентіміз біз үшін үлкен мүмкіндіктер жасап берді. Әсіресе ағылшын тілін оқып-үйрену бойынша. Шетелге барып магистратураға түсіп ондағы мол тәжірибені игеру, әрине, өте құптарлық іс. Келешекте Америкаға барып магистартура оқып келсем деген жоспарым бар.