Қазақстандағы Өзбекстан жылы қорытындыланды

Қазақстандағы Өзбекстан жылы қорытындыланды

Қазақстандағы Өзбекстан жылы қорытындыланды.  12 айда өткізілген шаралар екі елдің ынтымақтастығын кеңейте түсті. Бауырлас мемлекеттер өзара тауар айналымын еселеді, іскерлік байланыстарды тереңдетті, ал мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді. Жалпы, бір жылда Қазақстанда Өзбекстан жылына арналған 200-ден аса шара ұйымдастырылған. Екіжақты қарым-қатынастардың барлық салалары қамтылып, халықтардың жақындай түсуіне ықпал етті. 

САИДИКРАМ НИЯЗХОДЖАЕВ, ӨЗБЕКСТАННЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

Шымкентте, Түркістанда, Қызылордада өзбек киносының күндері өтті. Мәдени шара аясында қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл, философ Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм көрсетілді. Ал Ташкентте ақынның туған күні қарсаңында тамыз айында музей ашылды.

Көрмелер, концерттер, сән көрсетілімдері – өзбек мәдениеті қазақстандықтарды бей-жай қалдырған жоқ. Қос мемлекеттің биылғы жылдағы бірлескен шараларының қорытындысы Өзбекстан өнер шеберлерінің концертімен шығарылды.

САИДИКРАМ НИЯЗХОДЖАЕВ, ӨЗБЕКСТАННЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

– Қазақстан тұрғындарын өзбек мәдениетімен таныстырғымыз келді. Тәуелсіздік жылдары мемлекеттер өз алдына даму жолынан өтті. Ал соңғы 1,5 жылдың ішінде екіжақты стратегиялық ынтымақтастық жаңа деңгейге көтеріліп, жаңа көкжиектер ашылды деп айта аламыз.

2018 жыл Қазақстан мен Өзбекстанның іскерлік байланыстары үшін де нәтижелі болды. Шымкентте мамыр айында өткен іскерлік кеңесте тараптар жалпы сомасы 1 миллиард доллардан асатын 60 келісімге қол қойды.