Бюджетте азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге басымдық беріледі

Бюджетте азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге басымдық беріледі

Алдағы үш жылға қарастырылған бюджеттің жартысынан астамы әлеуметтік салаға жұмсалады. Сенаттта «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы талқыланды. Депуттаттардан өзгерістер мен толықтырулар бойынша ұсыныстар түсуіне байланысты құжат мәжіліске қайтарылды. Жалпы үш жылдық кезеңге 20 миллиард теңгеге ұсыныстар қолдау тапты. Шығыстарды қайта бөлу негізінде қосымша қаржыландыру келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Газдандыруға 2,7 миллиард, тұрғын үй салу және қайта жабдықтауға 6 миллиард, ал инфрақұрылымдық және өзге де жобаларға 6,7 миллиард теңге бағытталады. Сондай-ақ қазынада әлеуметтік төлемдерді индексациялау, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақыларын көбейту және халыққа медициналық қызмет көрсету жағы да барынша ескерілген.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

- Бюджетте барлық әлеуметтік міндеттерді орындауға керекті қаржы қарастырылған. Еліміз үшін аса маңызды болып саналатын – инфрақұрылымды дамыту, орталық және солтүстік өңірлерді газдандыру, ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, айтарлықтай қаржы шағын және орта бизнесті қолдауға әрі әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға арналған баспана құрылысына бөлінеді.

 

Фото: zakon.kz


×