Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу мүмкін

Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу мүмкін

Қазақстан ірі әлемдік азық-түлік хабына айналуы мүмкін. Отандық агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуеті зор дейді мамандар. Сонымен қатар, қазіргі заманда әлемде саланың рөлі, атап айтқанда, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы арта түсуде. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының өкілдері Қазақстанның мақсат-міндеті өзге де қатысушы елдер сияқты тамақ өнеркәсібін дамытуға одан әрі қолайлы жағдайлар жасауға, өзара сауданы кеңейтуге, байланыс орнатуға, көлік және логистика мәселелерін шешуге бағытталғанын атап өтті.

Біз барлық 57 елді Бас Ассамблеяға шақырамыз.  Аталған мемлекеттердегі халықтың жалпы саны 1 миллиардтан астам адамды құрайды. Байқағаныңыздай,  әлеует өте үлкен. Менің ойымша, тұтастай алғанда, әлемдік ахуал және экономикалық өзара байланыстардың дамуы Қазақстанға осы мәселені шешуге мүмкіндік береді. Біздің қызметіміздің форматы мемлекетаралық, үкіметаралық деңгейде екі жақты емес, көпжақты деңгейде өте маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Оның ішінде сауда саласын дамыту.

Қазақстан үшін біз инвестициялық жобаларды дамытуға бағытталған бірнеше маңызды бағдарламаларға қолдау жасаймыз. Жүйелік деңгейде. Мысалы, Қазақстан үшін ИЫҰ деңгейінде халықаралық генетикалық репродукция орталығы мен генетикалық ресурстар орталығын дамыту.

 

Автор: Әсел Күшенғалиева

Фото: agroinfo.kz


×