Пандемия салдарынан зардап шеккен салалардың қатарын кеңейтіп, оған туризм мен өнеркәсіптік сектордың барлық түрлерін енгізу

Пандемия салдарынан зардап шеккен салалардың қатарын кеңейтіп, оған туризм мен өнеркәсіптік сектордың барлық түрлерін енгізу

Пандемия салдарынан зардап шеккен салалардың қатарын кеңейтіп, оған туризм мен өнеркәсіптік сектордың барлық түрлерін енгізу қажет. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов осындай ұсыныс жасады. Бүгінде мемлекет қатерлі індеттің кесірін татқан 29 саланы айқындады.

Абылай Мырзахметовтың айтуынша, коронавирустың кері әсері тимеген саланы табу қиын. Тізімді кеңейту жөніндегі ұсыныс Ұлттық экономика министрлігіне жіберілді. Сондай-ақ, спикер елдегі бизнесті қолдау қамында кәсіпкерлер Палатасы мен Үкімет бірлесе құрған дағдарысқа қарсы бірқатар іс-шара жоспарланғанын жеткізді. 

АБЫЛАЙ МЫРЗАХМЕТОВ, «АТАМЕКЕН» ҰКП БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

 - Біз Үкіметпен келісімге қол қойдық. Бұндай маңызды қадамға барған премьер-министр және оның командасына алғыс айтқымыз келеді. Осының арқасында бизнес иелері барлық деректер бір базаға біріктірілген Атамакен. кз сайтындағы өздерінің жеке кабинеті арқылы электронды қолтаңбасын енгізіп, түрлі қызметтер ала алады. Субсидиялар, мемлекеттік сатып алуларға қатысты барлық ақпарат, оларға қатысу, сыртқы нарықтар бойынша жаңа мәліметтер, бухгалтерлік есеп, заңгерлік кеңес, бизнесті қорғау сынды қызметтер қолжетімді болды.  Ең бастысы, ол жерде «Бизнес петиция» деген бөлім ашылды.  

 

Фото: inbusiness.kz


×