Мұнай құлдырап, доллар шарықтап барады

Мұнай құлдырап, доллар шарықтап барады

Әлемдік нарықта мұнай бағасы құлдырап барады. Brent маркасының бағасы бесінші қазаннан бері алғаш рет барреліне 40 доллардан төмен түсті. Оған сауда-саттық мәліметтері дәлел. қара алтынның осы сұрпының  солтүстік теңіз мұнай қоспасының қаңтардағы фьючерстерінің бағасы 3,92 процентке арзандап, барреліне 39,97 долларға дейін, ал WTI мұнайының желтоқсандағы фьючерстері 4,83 процентке түсіп, барреліне 37,66 долларға дейін төмендеді.

Мұнай бағасы арзандаған сайын теңгенің долларға шаққандағы құны әлсіреп барады. Қор биржасының 29 қазандағы таңғы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 432,17 теңге болды. Еліміздің ақша айырбастау орындарында америкалық валютаның сатып алу мен өткізудің орташа құны 433 теңгеге төңірегінде айналуда.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: eadaily.com


×