Франция-Қазақстан: ауыл шаруашылығы, цифрлық технологиялар және білім беру саласындағы ынтымақтастық

Франция-Қазақстан: ауыл шаруашылығы, цифрлық технологиялар және білім беру саласындағы ынтымақтастық

Жаңа жобаларды жүзеге асыруға әлемде болып жатқан Пандемия, шекаралардың жабықтығы кедергі келтірмейді. Атап айтар болсақ, Франция мен Қазақстанның кәсіпкерлері ауыл шаруашылығы, цифрлық технологиялар және білім беру саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге ниетті. Мұндай шешім қазақстандық делегацияның Луара жеріне сапары барысында қабылданды.

БРЮНО ВУАЗАР, IOS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАТЫС КЛУБЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Жергілікті клиенттерге жақын болу керек. Егер біз нарықты бағындырғымыз келсе, Қазақстан туралы естігендерімізден кейін Қазақстанға бару керекпіз. Тек Қазақстанға ғана емес, сонымен қатар оның жанында орналасқан тартымды өзге де елдер баруға тұрарлық деп ойлаймын. Біздің көптеген кәсіпкерлеріміз экспорт туралы ғана емес, сол жерде өз өндірістерін ашу туралы да ойлануда.

Келіссөздер барысында Францияның өнеркәсіптік сорғылар өндірушісі келесі жылы Ақтау қаласында өз кәсіпорнының филиалын ашуға ниет білдірді. Зауыт өнімдері Қазақстан, Қытай және Өзбекстанның мұнай компанияларына жеткізіледі деп күтілуде. Инвестиция сомасы жарты миллион еуроны құрайды.

ЖОФФРУА ГИЗ, PCM КОМПАНИЯСЫНЫҢ САТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

 - Осы уақытқа дейін біз тек жабдықтарды сатумен айналысып келдік. Біздің жобамыз - өз өнімдерімізді Қазақстан нарығына бейімдеуге бағытталған. Сондай-ақ   жөндеу жұмыстарымен айналыспақпыз. Сондықтан сіздердің елдеріңізде сорғыларды орнатумен және техникалық қызмет көрсетумен айналысатын инженерлерді, техниктерді жалдауды ойластырып жатырмыз.

Алдағы уақытта француздық кәсіпкерлер Қазақстанға келуді жоспарлап отыр.

 

Фото: 24.kz


×