Қ. Тоқаевқа «Самұрық-Қазынаны» қайта құру тұжырымдамасы таныстырылды

Қ. Тоқаевқа «Самұрық-Қазынаны» қайта құру тұжырымдамасы таныстырылды

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры инвестициялық холдингке айналады. Мемлекет басшысына тиісті тұжырымдаманы акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов таныстырды.

Қорды инвестхолдинг етіп қайта құру портфельді активтердің география және салалары бойынша әртараптандыруға, халықаралық инвестициялардан түсетін табысын арттыруға, дивидендтердің есебінен бюджет түсімдерін арттыруға мүмкіндік береді. Ахметжан Есімов Қасым-Жомарт Тоқаевқа жыл басынан бері қордың таза табысы жоспардан 2,5 есеге асып, 436 миллиард теңгені құрағанын баяндады. Бұл ретте Қазақстанның акционер – Үкіметіне 2020 жылы дивидендтер төлеу 120 миллиард теңгені құрады.

 

Фото: akorda.kz


×