Қазақстандықтар қаражатын ұлттық валютада көбірек сақтай бастады

Қазақстандықтар қаражатын ұлттық валютада көбірек сақтай бастады

Қазақстандықтар ақшасын ұлттық валютамен көбірек сақтайтыны белгілі болды. Халықтың банктердегі қаражат үлесі 60 пайызға көбейіп, 6 трлн тг-ге жуықтаған. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25 процентке жоғары. Нарыққа құны 232 млн АҚШ доллары болатын валюталық интервенцияның жүргізілуі де ықпал етті.

Сонымен қатар Халықты жоғарғы мөлшерлеме ынталандырған. Мәселен, жеке тұлғаларға банктен сыйақы мөлшерлемесі 9 бүтін оннан 8 процент болса, шетелдік валютаға 4 бүтін оннан бір процент ғана белгіленген. Заңды тұлғалардың 7,2 проценті төл валютаға сенім артқан.

 

Фото: baigenews.kz


×